Басты Жаңалықтар «Дарбаза – Мақтаарал» теміржолы келесі жылы тапсырылады

«Дарбаза – Мақтаарал» теміржолы келесі жылы тапсырылады

Түркістан облысында салынып жатқан «Дарбаза – Мақтаарал» теміржолы тразинттік жүкті тасымалдап, Каспийден ары қарай пароммен жеткізуге мүмкіндік береді. Қазір маңызды шойын жол желісінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Ұзындығы 152 шақырым болатын ірі инфрақұрылымдық жоба өңірдегі бес аудан арқылы өтеді. Ары қарай Өзбекстанға дейін жалғасып, алыс-жақын шетелге тауар тасымалдауға жол ашады. Жоба бойынша салынуы тиіс 37 көпірдің 26-да құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ теміржол бойынан 3 станция, 2 разъезд бой түзейді. Сырдария өзенінің үстінен ұзындығы 500 метр болатын үлкен көпір салынуда. Құрылысқа 350 техника мен 800-ге жуық адам жұмылдырылған. Жоба келер жылдың желтоқсан айында тапсырылады деп жоспарланған.

Нұрлан Нұрбаев, «Қазақстан темір жолы» ҰК ірі жобаларды іске асыру жөніндегі дирекциясы басқармасының басшысы:

Бұл теміржолдың маңыздылығы – Мақтаарал ауданы, Жетісай ауданы, Келес аудандары бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін, ішкі өнімдерді ертең теміржолдың құрылысы біткенде тасуға үлкен үлесі болады. Экономикасын көтеру жағы, алыс-жақын шетелдерге шығаруға мүмкіншілік туады. Ең маңыздысы – транзиттік Қазақстанның үлкен магистральды жолына қосылады.


Бөлісу