Қазақстан Еуропаға 100 млн тоннаға дейін тауар жеткізуге ниетті
Қазақстан нағыз транзиттік хабқа айналып, Еуропаға 100 млн тоннаға дейін тауар жеткізуге ниетті. Қазір ең ірі теміржол құрылысы салынып жатыр. Бұл еліміз үшін айрықша стратегиялық маңызы бар жоба. Жаңа жол жүк тасымалы көлемін 5 есе арттырып, транзиттік әлеуетіміз еселене түседі, деді Мемлекет басшысы.
Кеше ғана Президент іске қосқан Достық – Мойынты теміржол торабы Қытайдан, яғни
Достық дәлізінен басталып, Ақтоғай, Балқаш өңірін басып өтіп, Мойынтыға жетті.
Ары қарай Мойынтыдан Қызылжарға дейінгі екінші теміржолдың құрылысы жүріп
жатыр. Одан соң Қызылжардан Жезқазғанға дейін үшінші, Жезқазғаннан Бейнеуге
дейін төртінші, Ал Бейнеуден Ақтауға дейін бесінші жол жаңғыртылады. Президент
тапсырмасына сәйкес алдағы уақытта 5 мың шақырым теміржол салу мен саланы
цифрландыру жоспары тұр.
Айбек Қапар, «KTZ Express» компаниясы бас директорының логистика жөніндегі орынбасары:
Әлемнің үлкен, ірі компаниялары да бізбен бірге цифрландыру жұмыстарын атқарып жатыр. Соның бірі Сингапур компаниясы PSA-мен бірге теміржолды цифрландыруды бастап кеттік. Бірінші кезекте ол осы ТМТМ бағытын цифрландыру болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
