Басты Жаңалықтар Алакөл туристік брендке айналады

Алакөл туристік брендке айналады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында туризмді Ұлттық бренд деңгейіне көтеруді тапсырды. Президент атап өткендей, басты міндет – заманауи инфрақұрылым құру. Бұл бағытта Абай облысында жүйелі жұмыстар басталды. Әсіресе, елдегі ең ірі туристік аймақтардың бірі – Алакөлге ерекше көңіл бөлінді. Жағалауды абаттандыруға, көшелерді жөндеуге және санитарлық тазалыққа биылдың өзінде облыстық бюджеттен 650 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді.

Берік Уәли, облыс әкімі:

Президентіміздің тапсырмасына сәйкес, облыс әкімдігі биыл Алакөлге ерекше назар аударды. Наурыз айынан бастап көлдің басында бірнеше рет көшпелі жиналыстар өткіздім. Жағалауда шыны керек 2018 жылдан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Шетелдік инвесторлар тартып, Алакөлдің маңына заманауи қонақүйлер салу үшін де шетелдіктермен келіссөз жүргізіліп жатыр.

Сонымен  қатар, 2025–2027 жылдарға арналған Туризмді дамыту Жол картасы әзірленді. Осылайша, Жолдауда айтылған міндеттерге сай, Абай өңірі бұл саланы дамытуға бар күшін салып, шипалы көлді әлемдік деңгейдегі демалыс орнына айналдыруды көздейді. Құны 8 жарым миллиард теңге болатын  жоба  Алакөлдің инфрақұрылымын түбегейлі жаңғыртуды көздейді. Биылдың өзінде онда  аумақтың бәрі тазаланып, реттелді,  Президенттің айтқан сын-ескертпелерінен кейін біршама жұмыс  тындырылған. Алдағы жылы  халық  көп шоғырланатын демалыс аймағында үлкен өзгерістер болады - дейді мамандар.

Марат Қабақов, облыстық Туризм басқармасының басшысы:

Алакөлде ондаған жылдар бойы шешілмей келген инфрақұрылымдық мәселе бар. Ол – қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны, жағаны нығайту және электр желісін тарту. Биыл жаздан бастап осы жобалардың жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. Қазір ол жұмыстар аяқталуға жақын, мемлекеттік сараптамадан өтеді.


Бөлісу