Өзбекстандық БАҚ «Қайрат» туралы жазуда
«Қайрат» пен «Реал Мадрид» матчы туралы Өзбекстанның бұқаралық ақпарат құралдары да жарыса жазып жатыр. «Курсив УЗ» «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтинның пікірін келтірген. ««Реалдың» осал жағы көп емес, бірақ ойын барысында сол тұстарын анықтап, оны тиімді пайдалануды жоспарлап отырмыз» деген ойын ерекше атап өтті. Сондай-ақ көрші елдің баспасөзі «Реал Мадридтің» негізгі құрамын қазақтар аса қонақжайлықпен қарсы алды және ұлттық аспаптардың сүйемделдеуімен чемпиондар лигасының әнұраны шарықтады деп ерекше атап өткен.
Еске сала кетейік, «Қайрат» пен «Реал-Мадрид» арасындағы ойын 21:45-те басталады. Доп додасын «Қазақстан» және «Қазпорт» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. «Қайратқа» бірге жанкүйер болайық!
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Қосымша білім беру орталықтарының жұмысын жүйелеу қажет
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Білім, еңбек, ізденіс: Ел дамуына үлес қосып жүрген мамандар
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54