Басты Жаңалықтар Алматыға 5 мыңнан аса турист келді

Алматыға 5 мыңнан аса турист келді

Алматыға «Қайрат» - «Реал Мадрид» матчын көру үшін әлемнің түкпір-түкпірінен 5 мыңнан аса турист келді.

Ал еліміздің басқа өңірінен келген жанкүйерлерді қосқанда, жалпы меймандар саны он мың адамға жетті. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады. Туристердің негізгі легі Қытай, Үндістан, Ресей, сондай-ақ Жапония, Ұлыбритания, Испания, Чехия, ТМД елдері, өзге де еуропалық мемлекеттерден келгендер де бар. Алматы әкімдігінің мәліметінше, мегаполиске келген шетелдік турист бір сапар барысында орта есеппен 1 500 АҚШ долларын жұмсайды. Бұл сомаға саяхатшының қонақ үйде тұруы, тамақтануы, такси қызметтері мен қосымша шығындары кіреді.

Тарихи матчқа орай туристердің көптеп келуі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға серпін беріп, қаланың экономикалық белсенділігін арттырады, - дейді мамандар.


Бөлісу