Тарихи матчқа санаулы сағаттар қалды
Чемпиондар лигасы аясындағы Қайрат пен Реал Мадрид арасындағы матчқа санаулы сағаттар қалды. Стадионның маңайына жанкүйерлер көп жиналып жатыр. Ал стадионның ішіндегі дайындық қандай екенін дәл қазір Азамат Бейбітұлы тікелей эфирде айтады.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Қазір стадионның іші тып-тыныш, адам жоқ. Бірақ санаулы сағаттардан кейін мұнда ине шаншар жер болмасы анық. 23 мыңдай көрермен тарихи матчты тамашалайды. Олардың ішінде «Реал Мадрид» клубының 300-ге жуық ресми жанкүйері де бар. Матчқа бір сағат қалғанда жасыл алаңға су себеді. Бұл ойынға спортшыларға қолайлы жағдай жасау үшін керек. Ал командалар сағат кешкі 8-ден кете осы стадионға келеді. Алаңға шығатын ойыншылар жайлы тізім мен ақпарат матч басталуына 75 минут қалғанда жарияланады. Тағы бір айта кететін жәйт, дәл қазір Алматыда ауа райы құбылып, күн бұлттанып тұр. Кеше кешкілік жаңбыр сібірлеген болатын. Бірақ синоптиктердің болжамы бойынша жаңбыр бүгін емес, ертең жаууы керек. Қалай дегенмен матч басталғанша күн ашық болады деп үміттенеміз.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17