Ұлыбританияда цифрлық жеке куәлік енгізіледі
Ұлыбритания үкіметі міндетті цифрлық жеке куәлік енгізуді көздейді. Жаңа бастама заңсыз иммиграциямен күресуге және шекарадағы бақылауды күшейтуге бағытталған.
Бүгінде баспана мәртебесін сұраушылар елдегі негізгі саяси тақырыпқа айналып отыр. Британ жұртшылығы экономикадағы тұрақсыздыққа көз жұмып, келімсектер мәселесін қызу талқылауда. Биылдың өзінде 28 мыңнан астам мигрант Ла-Манш арқылы қайықпен заңсыз келіп, салық төлеушілердің есебінен күнелтіп отыр.
Мобильді қосымшада сақталатын куәліктің кемшін тұсы да жоқ емес. Ол азаматтардың жеке бас деректерінің құпиялылығына нұқсан келтіруі мүмкін. Премьердің пайымдауынша, жаңа жоба қазіргі парламенттің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін жүзеге асырылмақ.
Кир Стармер, Ұлыбритания премьер-министрі:
Цифрлық жеке куәлік болмаса, сіз Ұлыбританияда жұмыс істей алмайсыз. Өйткені әдептен озбайтын, әділетті сүйетін адамдар осы мәселені шешуімізді сұрап отыр. Бізге шынымен де елде кімнің жүргенін білу маңызды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
