«Қайрат» - «Реал Мадрид»: Бүгін — тарихи матч
Бүгінгі футболдан Чемпиондар лигасы аясында «Қайрат» пен «Реал Мадрид» матч өткізеді. Корольдік клубтың негізгі құрамы Алматыға келді. Кеше бірқатар шаралар өтті.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Бүгін — тарихи матч! Бүгін әлемнің назары Алматының Орталық стадионында болады. Өйткені «Реал Мадридтің» жанкүйерлері 500 млн-нан асады деседі. Ал тұтас қазақ елі «Қайратты» қолдайды. Алыс-жақын бауырлас елдер де алматылық клубқа жанкүйер екенін білдіріп жатыр. Бүгінгі ойынды тамашалау үшін шетелден 4 мыңнан астам турист келеді деп жоспарланып отыр.Кеше қос клубтың бас бапкерлері баспасөз мәслихатын өткізді. Ойынға толық дайын екендерін айтты. Одан кейін спортшылар алаңда жаттығу жасады. Ал бүгін стадионға көрермендер матчқа дейін үш сағат бұрын кіре бастайды. Қарбалас болмас үшін ертерек келген ләзім. Алматы полициясы да тас-түйін дайын. 2,5 мыңнан астам қызметкер жұмылдырылған. Медицина қызметкерлері де тәулік бойы қызмет көрсетпек.Стадионда көрерменге ыңғайлы болуы үшін 1,5 мыңнан астам орындық ауыстырылған. Санитарлық тораптар жаңартылып, қосымша 60 биодәретхана орнатылды. Матч аяқталған соң жанкүйерлер үйіне жайлы жетуі үшін 60 автобус тегін қызмет етеді. Олар Абай, Сәтбаев және Байтұрсынұлы көшелерімен қозғалып, 6 бағытта қатынайды.«Реал Мадрид» - «Қайраттан» 109 есе қымбат клуб. «Қалқан құлақ» кубогын 15 рет ұтқан. Бірақ қанша мықты, қанша даңқты болса да, сол корольдік клубты жеңуге болады. 2021 жылы құны «Қайраттан» төмен молдовалық «Шериф» командасы тап осы Чемпиондар лигасының аясында «Реал Мадридті» өз үйінде 1:2 есебімен жеңіп кеткен болатын. «Шериф» шерткен «Реалды», «Қайрат» та қағып түсіруі әбден мүмкін.Сағат 21:45-те басталатын тарихи матчты «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.Алға, «Қайрат»!
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04