Жанкүйерлер «Қайрат» ойыншыларына қолдау білдірді
Алатаудың баурайында футбол мерекесінің лебі сезіледі. Қала көшелерінде ерекше атмосфера. Ертең өтетін маңызды матч қарсаңында «Қайрат» клубының жанкүйерлері бірлесіп, командаларына барынша қолдау көрсетуге дайын. Әріптесіміз Айдана Қуантхан осы сәттің қызу ортасында болып қайтты.
Айдана Қуантхан, тілші:
Бүгін Алматының тынысы ерекше. Тарихи оқиға қарсаңында «Қайрат» футбол клубының жанкүйерлері бірігіп, ертеңгі ойында барынша қолдау көрсетуге әзір. Бәрі дерлік көшеде клубтың сары жейдесін киіп, қолдарына ту ұстап жүр.
Ғалымжан Байтүгелов, жанкүйер:
13 жасымда стадионға барам. «Қайраттың» ойынын көріп, ұнап сол командаға жанкүйер бола бастадым. Ойыншылармен біргемін. Қай қалаға барады, сонда барамын. Ең күшті ойын – Ақтөбеге қарсы ойын есімде. «Қайраттан» бәрін күтуге болады. Жанкүйерлер алдында қобалжиды ойыншылар.
Айдана Қуантхан, тілші:
Ал мұнда әлемнің әр түкпірінен жиналған мыңдаған жанкүйер бір-бірімен алғаш жүздессе де, көптен таныс жандардай әңгімелесіп, ертеңгі ойынның болжамын талқылап жатыр.
Айдана Қуантхан, тілші:
Алатау дәл осы кезде әлемдік футбол картасында ерекше орын алып отыр. Ертең стадионда болатын ойын – жай матч емес, Қазақстан үшін тарихи сәтке айналмақ.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04