ШҚО-да 740 млрд теңгенің инвестициясы тартылады
Шығыс Қазақстан облысында «Altay Invest-2025» халықаралық форумы кезінде 740 миллирад теңгенің 40 тас астам инвеститциялық жобасына қол қойылды. Бұл өңірдің 2030 жылға дейін жан-жақты дамуына серпін береді. Шетелдік инвесторлар шығыста тау-кен, туризм, ауыл шаруашлығы және энергетика мен көлік пен логистика саласына қаржы салуға дайын.
Соңғы 5 жылда шығысқа 3 триллион теңгенің инвестициясы тартылған. Биылдың өзінде өңірге тағы 1 трлн теңге қаражат құйылған.Халықаралық форум аясында өңірдің өзінде өндірілген өнімдердің көрме жәрмеңкесі өтті. Шетелдік инвесторларды аймақтағы шағын кәсіпкрелік саласы қызықтырып отыр.
Джеймс эвенсон, инвестор:
Қазақстанның мүмкіндігі зор мемлекет. Қазір Үкімет шағын және орта бизнесті, кәсіпкерлік пен стартаптарды қарқынды қолдап отыр. Әрине, жаһандық деңгейге шығу маңызды. Бұған Шығыс Қазақстан облысының да әлеуеті жетеді деп ойлаймын.
Шығыстың тұмса табиғаты талайдың таңдайын
қақтырады.Сондықтен бірқатар инвестор осы салаға инвеститция салуға дайын. Ал
осы форум аясында Парламент Сенаты мен Ресей Федерациясының жоғарғы палатасы
өкілдерінің кездесуі де өтті. Екі ел арасындағы ынтымақтастық комиссиясының
кеңейтілген 24-ші отырысында алыс-беріс пен барыс-келіс талықланды.
Андрей Яцкин, РФ Федералдық жиналысы федерация кеңесі төрағасының бірінші орынбасары:
Кездесудің өтетін орнын таңдап алу кездейсоқтық емес. Өйткені, бұл өңір Ресейдің көптеген бірқатар губерниясымен шектеседі. Дәстүрлі және тарихи қарым-қатынасымыз өте тереңде. Шекаралас аймақтарды дамыту бойынша жан-жақты талқылау өткіздік.
Халықаралық форум соңында әр аудан мен қала әкімдері әрбір инвестормен жеке-жеке меморандумға қол қойды.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Жалпы құны 740 миллиардтың үстіндегі келісім-шарттарға меморандумдарға қол қойылды. Бұл болашақтағы жаңа нысандар. Бұл жұмыс істеп тұрған үлкен өндірістерді қайта жарақтандыру дегеніміз. Мемлекеттік өңірлік бағдарламалар аясында түрлі көмек көздерін көрсетеміз.
Қазір аймақта 100 миллиард теңгеден асатын 11
жоба жүзеге асырылып жатыр. Ал енді қол қойылған келісімдер алдағы 2-3 жылға
жоспарланған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
