Командалар баспасөз конференциясын өткізді
Чемпиондар лигасының аясындағы Қайрат пен Реал мадрид клубтары арасындағы матчқа бір күн ғана қалды. Екі команданың бас бапкерлері бүгін баспасөз конференциясын өткізді. Алматының орталық стадионында барлық шараларға қатысып, ақпарат таратып жүрген әріптесім Азамат Бейбітұлы дәл қазір тікелей эфирге шыққалы тұр. Азамат матч алдындағы жиындар қалай өтті?
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Иә Шерхан, бүгінгі баспасөз мәслихатында маңызды мәлімдемеделер айтылды. Қайрат клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин команданың дайындығы туралы баяндап, ертеңгі матқа тас түйін дайынбыз деді. Тек қорғаныста ойнамай, тең ойын көрсететіндерін айтты. Сұхбаттан үзіндіні көрсетсек.
Рафаэль Уразбахтин, «Қайрат» ФК бас бапкері:
«Реал Мадрид» секілді клубта кемшілік аз. Бірақ олардың ойынын талдай отырып, кей осал тұстарын таптық. Бірақ оны қалай пайдаланамыз - ол бізге сұрақ. Қазір сіздерге оны нақты айта алмаймын, бұл - құпия, ертең бәрін өздеріңіз көресіздер. Егер қолымыздан келсе, онда дұрыс пайдаланғанымыз. Бірақ қарсылас - мықты команда, біз мұны жақсы түсінеміз және қиын болатынын білеміз.
«Реал Мадрид» клубының бас бапкері Хаби Алонсо ертеңгі матчты алғашқы минуттардан қарқынды бастаймыз деп айтты. Сондай-ақ олар бар назарын чемпиондар лигасына бұрып, әр матчта ұпай жинауға күш саламыз деді. Ал ұшып келген ұзақ жол ойын барысына сылтау болмайды деді Хаби Алонсо.
Хаби Алонсо, «Реал Мадрид» ФК бас бапкері:
Қарсыласымыздың «Спортинг» пен «Селтикке» қарсы матчтарын көрдік. Олардың шабуылында әртүрлі ойыншылар болды. Олар таза әрі сауатты ойын өрнегін көрсетті. Біз «Қайрат» ойыншыларын жан-жақты талдадық. Әрине біраз футболшысы бізге таныс. Клубтың «Селтикті» қалай жеңгенін білеміз. Біздің «Қайраттың» дайын болатынына, барынша ұпай алуға тырысатынына еш күмәніміз жоқ.
Баспасөз мәслихатынан кейін «Реал Мадридтың» толық құрамы алаңға шығып, ашық жаттығу өткізді. Олар елімізге, стадионға бейімделіп қалған сияқты. Ертең тап осы стадион жанкүйерге толы болатыны анық. Бас бапкер Рафаэль Уразбахтин айтқандай, спортшыларымыз үшін жанкүйерлердің қолдауы өте маңызды. Сондықтанда «Қайрат» клубы өз алаңында сәтті ойын көрсетіп, жеңіске жетеді деген үміттенеміз. Ертеңгі матчты «Qazaqstan» және «Qazsport» арнасынан тікелей эфирде тамашаңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
