Ұлытау облысында 1000-нан аса тұрғын «Отбасы банк» арқылы баспаналы болды
Ұлытау облысында «Отбасы банк» ұйымдастыруымен тұрғын үй фестивалі өтті. Қала тұрғындарына тиімді бағдарламалар жайында жан-жақты ақпарат беріліп, алғаш рет жеке жинақ шотын ашқан жандарға сыйлықтар табысталды.
Жаңаарқа ауданының тұрғыны Жанат Жалғаспаева — көпбалалы ана. Бірнеше жыл бұрын «Отбасы банк» көмегімен 2 бөлмелі үй алып, қоныс тойын тойлаған. Бүгінгі фестивальге арнайы келіп, ұл-қызына да жеке жинақ шотын аштырды.
Жанат Жалғасбаева, Жаңаарқа ауданының тұрғыны:
Өте тиімді банк. Несие алу жолдары да ыңғайлы. Мен «Отбасы банкі» арқылы 2021 жылы үй алдым. Бұған дейін, 2017 жылы үйсіздер қатарына тіркеліп, 2018 жылы шот ашып ақша жинай бастадым. Көп қаржы салмасам да, «Нұрлы жер» бағдарламасының арқасында баспаналы болдым.
Ұлытау облысында бір жылда 1000-нан аса тұрғын «Отбасы банк» арқылы баспаналы болды. Алдағы уақытта «Ұлытау жастары» мен «Сәтбаев жұмыскер» бағдарламалары іске қосылмақ. Ал келесі айда мемлекеттік кезекте тұрған 200 адам «Консепция» бағдарламасының арқасында үйлі болмақ.
Ләззат Смаилова, «Отбасы банк» АҚ облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы:
Биыл қазан-қараша айларында Жезқазған қаласы бойынша 100-ден астам пәтер беріледі. Ал Сәтбаев қаласында 86 пәтер беріледі. Ол мемлекеттік бағдарлама ретінде «Консепция» деп аталады. Пайызы — 5%. Алғашқы жарна — 10%.
Өңір өз алдына дербес аймақ болғалы қоныс аударған жұрттың қатары көбейген. Тиісінше, тұрғын үйге сұраныс та артты. Сондықтан былтырдан бері Жезқазған қаласында «Отбасы банктің» филиалы жұмыс істейді.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындары: Спортшылар лайнерде тұрады
07.09.2026, 20:30
Дарынды оқушы –ұлт болашағы
07.09.2026, 20:28
Дала додасында дараланғандар
07.09.2026, 20:16
Омарташы мамандарды оқытпай, бал экспорты оңалмайды
07.09.2026, 20:16
Атырауда резервтегі әскери міндеттілер дайындықтан өтіп жатыр
07.09.2026, 20:15
Сауалнамаға қатысқандардың 82% қазіргі өміріне қанағаттанады
07.09.2026, 20:11
288 мектепте стоматологиялық кабинет жұмыс істейді
07.09.2026, 20:09
Әлем жаңалықтарына шолу
07.09.2026, 20:09