Басты Жаңалықтар Алматыда BRAUIC-2025 халықаралық форумы өтті

Алматыда BRAUIC-2025 халықаралық форумы өтті

Ұлттық ғылым академиясы мен Халықаралық білім беру корпорациясының ұйымдастыруымен Алматыда BRAUIC-2025 халықаралық форумы өтті. Оған 39 елден 91 университет пен ғылыми орталықтардың өкілдері қатысты. Форумда сәулет-құрылыс саласындағы цифрлық технологиялар, жасыл технологиялар, білім берудің жаңа моделі мен Smart City жобалары талқыланды. Сондай-ақ, Қазақстан мен Қытайдың жетекші оқу орындары және Ұлттық ғылым академиясы сәулет-құрылыс саласындағы бірлескен білім беру мен ғылыми-зерттеу бағытында үшжақты меморандумға қол қойды. Іс-шарада Алматы қаласы мен оның маңындағы аймақты заманауи технологиялар арқылы тұрақты әрі жайлы өңірге айналдыруға бағытталған нақты жобалар жан-жақты қаралды.

Бақтияр Сәбденалиев, Халықаралық білім беру корпорациясының ректоры:

Бас қосудың мақсаты – болашақ сәулет және құрылыс саласының алдында тұрған үндеулерге жауап беру. Ол цифрлық құрылыс, сәулет. Бұл жасыл стандарттар. Бұл тұрақты дамудың қағидаттарын осы салаға енгізу және де бұның барлығын ғылым мен біліммен байланыстыру.


Бөлісу