Ақтөбеде әлеуметтік көмекті заңсыз рәсімдегендер сотталды
Ақтөбеде жүкті әйелдерді декретке миллионмен шығарамын деген екі тұрғынның қылмыстық ісі әшкере болды. Олар заңсыз әлеуметтік төлем рәсімдеп, алаяқтық жасағаны үшін сотталды.
Бухгалтерлік есеппен айналысқан 39 және 28 жастағы әйелдер жеке кәсіпкердің электронды цифрлық қолдарын пайдаланып, жалған шығыс кассалық ордерлер дайындаған. Сондай-ақ жұмыспен қамту кезеңдеріне қатысты жалған есептер жасаған. Әлеуметтік желі арқылы тараған ақпаратқа 10 келіншек сеніп, олардың қызметіне жүгінген. Тергеу барысында күдіктілердің 532 мың теңгеден 2 млн теңгеге дейінгі сыйақыны қолма-қол алғаны белгілі болды. Мемлекетке 98 миллион теңге шығын келген. Бұл схемаларды Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері анықтады. Айыпталушылардың бірі 5,5, екіншісі 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жадан Бисенбин, Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басқармасының басшысы:
Әлеуметтік желілер арқылы «Декретке миллионмен» деген бағдарламалар таратқан бухгалтер азаматшалар. Әлеуметтік төлемдерді алу үшін бір азаматша 22 ЖК-де жұмыс істеген. Сөйтіп, алынған соманың суммасын көбейте берген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
