«Реал Мадрид» ойыншылары орналасқан аумақта қауіпсіздік күшейтілді
«Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы ойынға байланысты Алматыда ерекше атмосфера қалыптасып жатыр. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлер футбол жұлдыздарын көруге асық. «Реал Мадрид» ойыншылары орналасқан қонақ үй маңында қауіпсіздік шаралары күшейтілген.
Айдана Қуантхан, тілші:
Біз қазір «Реал Мадрид» командасының ойыншылары тұрақтаған қонақ үйдің алдында тұрмыз. Кеше бұл маңға мыңдаған жанкүйер жиналып, футболшылардың келуін асыға күтті. Ал бүгін қонақ үй аумағында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, полицейлер қоршау қойған. Десе де әлемдік деңгейдегі футболшыларды көруге асыққан жанкүйерлердің қарасы қалың.
Қауіпсіздік мақсатында полиция тәртіпті қадағалап, артық адамдардың қонақ үй аумағына өтуіне шектеу қойды. Бұл шаралар ойыншылардың тыныштығын қамтамасыз етіп, матч алдындағы дайындыққа кедергі келтірмеу үшін жасалып отыр.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12