Бір туристің орташа шығыны экономика үшін қаншалықты маңызды?
Қайрат – Реал Мадрид ойыны жақындап қалды. 30 қазанда Алматыдағы Орталық стадионда өтетін матчтың 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейінгі билеттері бірнеше сағатта сатылып кетті. Алыпсатарлар да атып шықты. Бағаны 1 миллион 400 мыңға дейін көтерген.
21:45-те басталатын ойынды «Qazaqstan» арнасы да, «Qazsport» арнасы да тікелей эфирде көрсетеді. Айтпақшы, бүгін «Реал Мадрид» Instagram парақшасында Алматыға келетін құрамын жариялады.
Осындай түрлі спорттық шаралар, концерттер, марафондар еліміздің туристік әлеуетін көтеретін драйверге айналып, экономикаға қомақты ақша құятын тетікке айнала ала ма?
Бірден ойға оралатыны – инфрақұрылымдардың саны мен сапасы. Бірінші кезекте стадиондардың.
Негізі, оқиғаға негізделген туризм өте тартымды процесс. Жолын тапса, қазынаға да кәдімгідей ақша түседі. Мысалы, Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне 30 елден 10 мың турист келді, Астана бюджетіне 400 млн теңге түсім түсті деді концертті ұйымдастырушылар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
