Қазақстанға судың 44%-ы шет мемлекеттерден келеді
Сөз жоқ, су – қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басты фактордың бірі. Иә, арнайы министрлік құрылды, Су кодексі қабылданды. Бірақ былтырғы су басудан кейін осыдан басқа не істелді?
Президент Жолдауында құзырлы органдарда еліміздегі су ресурстарының қолжетімді көлемі туралы нақты мәлімет жоқ екеніне тоқталды. Кейбір каналдағы судың 50–60 пайызы далаға кетіп жатыр. Суды есепке алу технологиясы әбден ескірген. Суды бөліп тарататын орындарда қазіргі заманға сай құрылғылар жоқ. Егер цифрландыру көзбояушылықтан ада жүрсе, су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасында жасанды интеллект негізінде жерүсті және жерасты сулары туралы мәлімет жинақталушы еді.
Орталық Азиядағы қақтығыс суға байланысты болады дегенді сарапшылар айтқалы қашан?! Трансшекаралық өзендерге тәуелділік деңгейі жоғары екені түсінікті, бірақ нақты қанша текше метр? Ал суды үнемдеп тұтыну мәдениеті бар ма өзі? Қар суын пайдаға жарату туралы үндемедік.
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16
Кеншілер әулетіндегі жас маман атакәсіпті жалғастырды
21.10.2026, 20:15