Бүгін – Машина жасаушылар күні
Қыркүйектің соңғы жексенбісі – Машина жасаушылар күні! Соңғы жылдары елімізде бұл сала қарқынды дамып келеді. Жарты жыл ішінде экономикалық өсім 11,1% көрсетті. Әсіресе Қостанай өңірінің өндірістегі рөлі басым. Қазақстандағы көліктердің 60 пайызынан астамы астықты өлкеден шығады.
Иә, Қостанай аграрлы аймақтан, өндірісті өлкеге айналып келеді. Облыста бір емес, төрт көлік құрастыратын кәсіпорын бар. Бұл салада 8 мыңға жуық адам еңбек етеді. Жыл басынан бері өндіріс орындары 817 млрд теңгенің өнімін шығарған. Көрсеткіш былтырғыдан 24,2%-ға артты.
Қазір біз жеңіл автомобиль шығаратын зауыттардың біріндеміз. Біз тұрған дәнекерлеу цехы - өндірістің басы. Көліктің қаңқасы осы жерде құралады. Бір шанақ шығару үшін 3000-нан астам дәнекер нүктесі басылады.
Бүгінде кәсіпорын әлемдік 6 брендтің 50-ден астам моделін өндіреді. Зауытта қазір 3000 мыңнан аса адам еңбек етеді. Олардың дені – жастар. Жұмысшыларға жайлы жағдай туғызу үшін жатақхана да ашылған. Әлеуметтік қолдау көрсетіледі, зауыт есебінен мамандардың біліктілігін көтеруге де мүмкіндік бар.
Сондай-ақ аймақта трактор және ауылшаруашылығы техникаларын да құрастырады. Өңірдегі өндіріс орындары өткен жылы барлығы 90 мыңнан астам автоөнім шығарған. Биыл да жыл соңына дейін 312 млрд теңге қаражатқа 5 инвестжоба жүзеге асуы тиіс. 3000 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады. Яғни, машина жасау саласын игеретін жаңа мамандар саны артпақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
