Колледждер мен кәсіпорындар арасындағы байланыс нығая түсті
Елімізде техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау басталды. Колледждер мен жұмыс берушілер 2 мыңнан астам білім беру бағдарламасын дайындап жатыр. Нәтижесінде, түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі артып, еңбек нарығына қажетті мамандар даяралу ісі жолға қойылады. Бұл жұмыстар қазірдің өзінде нәтиже бере бастады.
Рамазан Жеңіс «Токарлық іс» мамандығы бойынша Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжінің үшінші курсында оқып жүр. Ол қазірдің өзінде темір жону арқылы қажетті бөлшектерді дәл өлшемімен дайындауды меңгерген. Өндірістік тәжірибе кезінде шебер шәкіртке кәсіпорын басшылығы қызығушылық танытып үлгерген.
Рамазан Жеңіс, өнеркәсіптік технологиялар колледжінің студенті:
«Станоктарда жақсы жұмыс істейтінімді көрсеттім.Техника безопасностиден бастап деттальдарды жону,канавка, резва жасау – барлық базовый нәрселерді істей алатынымды көрсетіп, содан мені алып қалды».
Колледжде еңбек нарығында сұранысқа ие жеті мамандық бойынша маман дайындалады. Білім ордасы соңғы жылдары заманауи құрал-жабдықтармен толығып келеді. Студенттер соңғы курста өңірдегі ең ірі кәсіпорындарға өндірістік тәжірибеге жіберіледі. Олардың 60 пайызы жұмысқа орналасып үлгереді. Қазірдің өзінде 70-ке жуық мекемемен меморандумға қол қойылған.
Толыбай Жолтаев, Өнеркәсіптік технологиялар колледжі директорының орынбасары:
«90 пайызы студенттеріміздің, түлектеріміздің жұмысқа орналасқан. Индустриалды кеңесте серіктестерімізбен бірігіп, оқу бағдарламасын жасақтаймын. Бағдарлама жасақтау барысында олар өздерінің технологияның жаңашылдығына байланысты мамандарына қажетті теориялық білімді жасақтауға көмектеседі».
Өңірдегі мақтаулы білім ордасының бірі – Хромтау тау-кен техникалық колледжі. Түлектерінің жүз пайызға жуығы жұмыспен қамтылады. Мұнда өзге облыстардан келіп білім алып жатқандар бар. Колледж басшылығы жұмыс берушімен үнемі байланыста. Мәселен, Дөң кен байыту комбинаты алдағы жылдары өздеріне қажет болатын мамандарға алдын ала тапсырыс беріп отырады.
Нұрболат Самұратов, Дөң тау-кен байыту комбинатының өкілі:
«Алған білімнің арқасында, осы коллледждің арқасында біраз мақсаттарға жеттім. Істеп жатқан жұмысыма қуанамын, мақтанамын. Қазіргі келіп жатқан жастарға айтарым – бұл мамандықтан қорықпау керек».
Өңірде жұмысшы мамандықтарына сұраныс артып келеді. Арнаулы кәсіптік білім ордаларын бітірген түлектердің 91 пайыздан астамы жұмысқа орналасады. Биылғы оқу жылында колледждерде жаңадан 5 мамандық ашылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
