Павлодар облысында наубайхана кәсібі қарқынды дамып келеді
Павлодар облысында наубайхана кәсібі қарқынды дамып келеді. Оның бір себебі республика бойынша қамырлылығы аса жоғары бидай осы өңірде өсіріледі. Қалада жарты млн адам еңбек ететін алып кәсіпорын бар.
Болат Аманбаев, тілші:
Бір кездері бұл кәсіпорынды 10-ақ адам бірігіп, нан пісіруді бастаған. Ал қазір мұнда 500-ге жуық адам жұмыс істейді. Күндіз-түні тоқтаусыз еңбек ететін жандар мыңға жуық өнім түрін шығарады. Оларды Астана, Алматы, Қарағанды, Екібастұз, Ақсу қалаларына дейін жібереді. Міне, көріп отырсыздар, ас атасы нанның өзінің 20-ға жуық түрі пісіріледі. Ең бастысы осындағы жұмыскерлердің қайсысынан сұрасаңыз да еңбек өтілі бес жылдан кемі жоқ. Алды 25 жылдан аса еңбек етіп жатқандар.
Ертіс-Баян өңірінде бүгінде 69 наубайхана мен 30 дан аса кондитерлік цех жұмыс істеп тұр. Олар тәулігіне 74 мыңнан астам бөлке нан пісіреді екен. Облыс жұртшылығын нанмен қамтамасыз ету үшін күніне 30 тоннаға жуық ұн кетеді. Сонда 700 мың халық тұратын облыс айына 2 млн 200 бөлке нан жейді екен. Тағы бір ерекшелігін айтайын, наубайханадағы негізгі жұмыс адам қолымен жасалады. Яғни, қарапайым еңбек адамының маңдай тері ақтарылатын жер.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16