600 метр тереңдегі тіршілік
Иә, әріптестеріміз елдің әр түкпіріндегі еңбек адамдарын көрсетіп жатыр. Бірақ, жердің астында еңбек ететін азаматтардың күні қалай өтеді? Жүздеген метр тереңдіктегі тіршілік қандай? Жезқазандағы кенішке түсіп, бізге мәлім де беймәлім шахтерлар жұмысымен танысып қайтқан әріптесім Елдос Есенболдың материалынан көрейік.
Бұрын батырлардың 5 қаруы болғанын білеміз ғой. Егер кеншілерді бүгінгінің батыры деп алсақ олардың да үнемі өзімен алып жүретін 5 түрлі құралы бар. Қорғаныш каскасы, жарық шамы, көзілдірік, респератор және төтенше жағдай бола қалса дем алатын мынадай құрылғы. Осылай сақадай сай болып кеншілер жер астына түседі.
Шахтерлардың ізімен арнайы лифт арқылы біз де «Жомарт» кешіне түстік.
Біз қазір шамамен 600 метр тереңдіктеміз. Бірақ бұл тек бер жағы дейді кеншілер. Қазір соны көреміз.
Жер астында кеншілер МИНКА деп аталатын осындай көлікпен жүреді. Оған отырып мыс кенін өндірушілерге қарай бет алдық.
Әкімжан Әбдіғаниев, бұрғылаушы:
Бұрғылау 3 функциядан тұрады. 380 вольтпен жұмыс істейді. Бірінші бұрғылап одан клейін атып үшінші функция болтын бұрап саламыз.
Шахтада 24 сағат бойы жұмыс тоқтамайды. 8 сағаттан үш ауысым еңбек етеді. Әуелі жұмыс осылай төбені бекітуден басталады.
Арман Сыздықов, бұрғылаушы:
Жомарт кенішінде 10 жыл болды істеп жатқаныма. Мынау қондырғыда үшінші жылға кетті бурильщик болып жүргеніме. Әйелім де осы салады жұмыс істейді.
Бір қарағанда кәдімгі қара тастан еш айырмашылығы жоқ мыс шикізатын осындай алып техникалар жер бетіне шығарады.
Саят Бакиров, «Қазақмыс» ЖШС өндіріс жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары:
Болашақта Батыс Сарыоба, Қыпшақбай кеніштері іске қосылады. Ол кеніштің енді болашағы бар. Біздің бағдарлама бойынша 6 миллионға дейін 2030 жылға көтеру керекпіз.
Ал дәл осы «Жомарт» кенішінде шамамен 100 миллион тонна мыс қоры бар. Болжам бойынша шахта 2042 жылға дейін жұмыс істеуі керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
