LRT желісі келесі апта іске қосылады
LRT желісі бойынша алғашқы пойыз келесі аптада жолаушыларды тасымалдай бастайды. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Мәжіліс отырысында айтты. Оның сөзінше, бірінші жеңіл рельсті көлік Абу-Даби станциясынан Мәңгілік ел көпірі бағытында жолға шығады. Алдағы 3 ай мен 6 аралығында тестілік режимде қатынайды. Қазан айында тағы 8 пойыз қосылады. Ал желтоқсанның соңына дейін барлық уәде етілген 18 пойыз жүреді. Соған сай жұмыс уақыты ұзарады. Жол ақысы 200 теңгенің төңірегінде болады, деді шаһар басшысы.
Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:
Пойыздарды, олардың санын, жұмыс уақытын күн сайын көбейтеміз. Бір апта ішінде 1-2 станция қосып отыру жоспарда бар. Қазан айында қосымша сегіз пойыз жеткізіледі, ал желтоқсанға дейін барлық 18 құрам болады. Осылайша барлық пойыз келесі жылдың басында дайын болады.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17