Ақтөбеде «Әдебиет. Рух. Қоғам» халықаралық байқауы өтті
Ақтөбеде алтыншы рет «Әдебиет. Рух. Қоғам» халықаралық байқауы өтті. Қаламгерлер поэзия, проза, драматургия, сатира, және аударма мен балалар әдебиеті жанрлары бойынша өз туындыларын ұсынған. Қазылар алқасына барлығы 139 шығарма ұсынылды. Жеңімпаздар 11 аталым бойынша іріктелді.
Өңірде қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Қуандық Шаңғытбаевтың 100 және сатирик-жазушы, ұстаз Үмбетбай Уайдиннің 90 жылдығына арналған шаралар да қатар өтіп жатыр. Жиналғандар алдымен кітап көрмесін аралап, жергілікті ақын-жазушылардың шығармаларымен танысты. Қаламгерлердің туыстары әдемі естеліктерімен бөлісті.
Мариям Алданова, Ү.Уайдиннің жары:
Ол әзіл жазатын адамға ұқсамайтын. Сондай бір қарапайым, мейірімді, өте сабырлы адам болды. Көп әңгімесі жоқ, жазғаны болмаса. Сөзі аз, өте мейірімді адам болды.
Әдеби байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен және алыс-жақын шет елдерден де ақын-жазушылар өз шығармаларын жіберген. Жеңімпаздар
қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларының есімімен аталған 11 арнайы номинация бойынша анықталды. Оларға арнайы сыйлықтан бөлек бір миллион теңгеден берілді.
Индира Кереева, ақын, С.Жиенбаев атындағы сыйлықтың иегері:
Бұл әдеби форумның аясында шығармашылық байланыс өтіп жатыр. Түркиядан, жан-жақтан, шетелден келген ақын-жазушылармен шығармашылық байланыс жасап жатырмыз.
Шара барысында ақтөбелік екі ақынға «Түрксой» жазушылар одағының сыйлықтары табысталды. Сондай-ақ облыс әкімінің ұсынысымен қазылар алқасының жоғары бағасын алған төрт қаламгерге 500 мың теңгеден арнайы жүлде берілді.
Мереке Құлкенов, Жазушылар одағының төрағасы:
11 адам іріктеліп алынды және олардың барлығы талантты, мықты жазушылар деп есептейміз. Оның ішінде жартысынан көбі ақтөбеліктер. Жергілікті талантты ақын-жазушылар. Біз өте ризамыз.
Әдеби байқау Қуандық Шаңғытбаев пен Үмбетбай Уайдиннің мерейтойына арналған іс-шаралармен жалғасады. Қаламгерлер келесі жылы Түркі елдерінің ақын-жазушыларына ортақ форумды да Ақтөбеде ұйымдастыру туралы ұсыныс тастады.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әр түп тал үшін еңбек еткен жандар
28.09.2025, 16:53

Ағайынды порт қызметкерлері өнімді еңбек етуде
28.09.2025, 16:45
Жұмысшылардың өндірістегі қауіпсіздігі қаншалықты күшейтілді?
28.09.2025, 16:40
Бүгін – машина жасаушылар күні
28.09.2025, 16:36
Өндірістегі жас қызметкер грант жеңіп алды
28.09.2025, 16:33
Бүгін – атом саласы қызметкерлерінің күні
28.09.2025, 16:28
Колледждер мен кәсіпорындар арасындағы байланыс нығая түсті
28.09.2025, 16:20
Оқу орындарының техникалық қамтылуы қандай деңгейде?
28.09.2025, 16:17