Сарапшылар: Алдағы матчта «Қайраттың» мүмкіндігі мол
Чемпиондар Лигасының топтық кезеңі аясында «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы матчқа санаулы күндер қалды. Қай команда қандай құрамамен алаңға шығады? Спортшылардың бабы қандай? Кім жеңеді деген сияқты тақырыпта пікірталас қыза түсті. Ашығын айту керек, көпшілік испаниялық клуб жеңеді деп отыр. Дегенмен спорт сарапшылары «Қайраттың» да тең ойын көрсетуге мүмкіндігі бар дейді.
Әуелі тұрғындардың пікірін білейік. Алдағы матчта «Қайраттың» мүмкіндігі қандай?
2021 жылы Чемпиондар лигасында моловалық «Шериф» командасы Ралдың өз алаңында «Бернабеу» стадионында беу деп, 1-2 есебімен жеңіске жеткен еді. Мұны неге айтып отырмыз? Сол Шериф соңғы 10 жылда чемпиондар лигасында болған ең арзан команда екен. Одан «Қайрат» сәл ғана қымбат. Демек Шериф сырт алаңда жеңіске жетсе, біз неге өз стадионымызда ұта алмаймыз?
Бек Төлеу, спорт сарапшысы:
Алматыдағы ойында да «Реалдың» мүмкіндігі жоғары. Дегенмен «Қайратты» біржола есептен шығаруға болмайды. Мадридтік клуб бұған дейін де ТМД елдерінің командаларынан жеңілген. Мысалы, Молдованың «Шерифінен» және Мәскеудің ЦСКА-сынан есе жіберген. Сондықтан жанкүйерлердің үмітін үзуге де болмайды.
Шерифтің кейсінен бөлек, «Қайраттың» жеңіске жетуіне немесе тең ойнауына мүмкіндік болар басқа да себептер бар.
Ерсін Ерік, спорт комментаторы:
Қанша жерден корольдік клуб саналса да, құрамының құны қымбат болса да, «Реал Мадрид» сырт алаңда әрқашан қиналады. Бұл жолы команда Алматының Орталық стадионында алғаш рет ойнайды. Таудың етегіндегі алаң, ауа райы, жанкүйерлер – бәрі де командаға өзгеше әсер етеді. Сондықтан Хаби Алонсоның жүйелі ойынын толық көрсетуі екіталай.
Фархат Қаналы, спорт комментаторы:
«Реал Мадрид» ұзақ жол жүріп келеді. 7 мың шақырым. Негізгі құрам келе ме, келмей ме белгісіз. Сондай-ақ «Атлетикомен» ойыннан кейін ойыншылардың шаршап келетіні белгілі.
Мұның бәрі әзірге болжам. Бастысы
«Қайраттың» «Реал Мадридке» қарсы ойында мүмкіндіктері бар. Ал матчты тікелей эфирде «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тамашалауға болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
