Ақтөбеде 300 жұмыс орны ұсынылды
Ақтөбеде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Бұл жолғы шара ашық аспан астында – орталық саябақта ұйымдастырылды. Өңірдегі 60-тан аса мекеме 300 бос орынды ұсынды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өкілдерінің айтуынша, кен өңдеу және құрылыс саласында жұмыс істейтін кәсіпорындарға білікті мамандар қажет. Сондай-ақ кейбір білім беру ұйымдары да сапалы кадрларға зәру. Жыл басынан бері осындай бос орындары жәрмеңкелері барысында 1300 адам екі қолға бір күрек тапқан. Бүгінгі шараға мемлекет қолдауының арқасында ісін енді ғана бастаған кәсіпкерлер де шақырылып, көрме ұйымдастырылды.
Венера Орынбаева, Еңбек мобильділігі орталығының директоры:
Жылдың аяғына дейін медиа план жоспарымыз бар, арнайы. Ақтөбе обылсы бойынша әр аудан айына екі рет өткізеді, бос орын жәрмеңкесін. Бұл енді облыстық форматта өтіп жатырғаны. Әр ауданнан грант иегерлері келіп, өздерінің өнімдерін көрсетіп жатыр. Жалпы әлі жылдың аяғына дейін жәрмеңке өтіп тұрады.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04