«Жұмбақ қыз» фильмінің таныстырылымы өтті
Астанада «Жұмбақ қыз» фильмінің премьерасы өтті. Комедия жанрындағы кинотуынды күтпеген жайттар мен қызықты сәттерге толы. Алғашқы көрсетілімге біздің түсірілім тобы да барып қайтты.
Қызыл кілем. Кешқұрым кино көруге келген көрермен. «Жұмбақ қыз» қыз фильмінің премьерасына жиналғандар көрсетілімге дейін сүйікті актерларымен сұхбаттасып, концерттік бағдарламаны тамашалады. Фильм қалада өскен қыздың ауылдағы шытырман оқиғалары жайында.
Толқын Сейдоллақызы, бас продюсер:
Фильм қыздың сыры мен мұңына толы өмірін бейнелегендіктен, атауын «Жұмбақ қыз» деп қойдық. Шынын айтсақ, бүгінде романтикалық комедиялар көп. Көрерменнің бір бөлігі комедиядан шаршағанын да айтады. Бірақ бұл жасанды күлкіге құрылған дүние емес, қазақы қалжыңға бай, эстетикалық мәні жоғары туынды.
Бас кейіпкер Айару әкесінің қазасынан кейін күйзеліске түсіп, құмар ойынға салынады. Әуестіктен шығару үшін анасы оны ауылға жібереді. Мұнда Айару тұралап қалған отбасылық кәсіпті жандандырып, махаббатын кездестіреді.
Мақсат Оспанов, қоюшы режиссер:
Бұл жерде тек махаббат емес, достардың арасындағы сатқындық, әке мен баланың арасындағы қарым-қатынас, тәлім-тәрбие әртүрлі оқиға байланысты түсірілген. Елге тек режиссер мен сценарист жұмыс істеді деп көрінеді. Бірақ 100-ден аса адам еңбек етті.
Комедия
Алматыда түсірілген. Дайындыққа 3 жарым ай кетті дейді режиссер. Ал түсірімнің
өзі 20 күнде аяқталған. Қазір «Жұмбақ қыз» еліміздің барлық кинотеатрында
көрсетіліп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
