Электронды сауда тауарлары міндетті түрде декларацияланады
AliExpress және Temu сияқты ірі сауда алаңдарынан алынған тауарлар енді міндетті түрде декларацияланады. Бүгін Парламент Сенатында электронды сауданы реттеуге арналған заң мақұлданды. Құжат аясында электрондық сауда тауарларын жеткізуді жүзеге асыратын пошта операторы - «электронды сауда операторы» ұғымын енгізу қарастырылған. Енді электронды сауда тауарларының барлық көлемі кедендік декларациялаудан өтеді. Бұған дейін бажсыз әкелу нормасынан, яғни 31 келіден асқан жағдайда ғана тіркелді. Жаңа заң бойынша декларацияны оператор да, тауар алушының өзі де таңдауына қарай тапсыра алады. Айта кетейік, былтыр елімізде электрондық сауда көлемі 3,2 трлн теңгеге жеткен.
Бекбол Орынбасаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Аталған хаттаманы қолдау, біріншіден, электрондық сауда саласындағы кедендік рәсімдерді ретке келтіреді. Екіншіден, нақты және толық статистика қалыптастыруға мүмкіндік береді. Үшіншіден, нарық қатысушыларына тең жағдай жасайды.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17