Басты Жаңалықтар Экологиялық байқаудың жеңімпаздары марапатталды

Экологиялық байқаудың жеңімпаздары марапатталды

 Астанада «Таза Қазақстан» акциясының аясында ұйымдастырылған экологиялық байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен өткен іс-шараға 60-қа жуық мемлекеттік қызметші, журналистер мен ұстаздар қатысты. Олар «Климаттың өзгергені Қазақстанға қалай әсер етеді?» деген тақырыпта ғылыми жұмыс дайындап, мақала жазған. Оларға Еуропа, Бразилия, Жапониядан келген сарапшылар жоғары баға берді.

Оразай Қыдырбаев, журналист:

Менің жазған мақалам фермерлердің климат өзгерісіне бейімделуіне қатысты. Кейінгі 30 жылда Қазақстанда орташа жылдық ауа температурасы 1 цельсийге көтерілген екен. Яғни, климаттың өзгерісі алдағы уақытта азық-түлік тапшылығына, дағдарысқа алып келуі мүмкін.  Бірақ бұл мәселеден шығатын жолдар да бар. Мәселен, су үнемдеу технологияларына көшу, қуаңшылыққа төзімді дақыл түрлерін өсіру т.б.
 

Бөлісу