Қарағандыда жұмысшы жастардың форумы басталды
Қарағандыда жұмысшы жастардың форумы басталды. Оған өңірдегі ірі кәсіпорын өкілдері, жас жұмысшы мамандар мен студенттер қатысуда.
Жандос Бақытұлы, тілші:
Бірнеше минуттардан кейін форум басталады. Жиынға қатысуға келген көптің қарасы қалың. Бұл форумды ұйымдастырудағы мақсат - ең алдымен еңбек саласындағы үлкен мүмкіндіктерді талқылауға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін және кәсіпорындар мен оқу орындарының арасындағы байланысты бекемдейтін тиімді алаңға айналуы тиіс дейді ұйымдастырушылар. Себебі мұнда өндірісте еңбек ететін және жұмысшы жастардан құралған мыңға жуық жас маман бас қосқан. Олар өзара пікір алмасып, жас мамандар қауымдастығын қалыптастыруды қалайды. Одан бөлек, жиынға Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркия және Америка Құрама Штаттарынан арнайы мамандар келіп, тәжірбиесімен бөліседі деген жоспар бар. Форум аясында алғаш рет «Kemel Keleshek» жастар сыйлығының иегерлерінің есімі аталмақ. Онымен қоса Республикалық «Еңбек жолы» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталады.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алан туралы аңыз» анимациялық фильмі шықты
23.10.2026, 13:15
Отандық тамақ өнеркәсібінде оң серпін бар
23.10.2026, 13:12
Мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындары ашылады
23.10.2026, 13:10
Жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыты
23.10.2026, 13:08
Бельгиядағы қазақстандық студенттер тың бастама ұсынды
23.10.2026, 13:05
Қыста елорда тазалығына 1500 адам жұмылдырылады
23.10.2026, 13:02
Елде 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді
23.10.2026, 13:00
Елордада «Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25