Басты Жаңалықтар Қазақстан ЖИ-ді басқару жөніндегі халықаралық бастамаға қатысуға дайын

Қазақстан ЖИ-ді басқару жөніндегі халықаралық бастамаға қатысуға дайын

Қазақстан жасанды интеллектіні басқару жөніндегі халықаралық бастамаға қатысуға дайын. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының жалпы дебатында айтты. «Қазақстанда жасанды интеллект экономика мен мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық секторына енгізіледі. Қазірдің өзінде оны жүзеге асырудың базалық инфрақұрылымы жасақталып жатыр. Дарынды жас мамандарымыз мұны іске асыруға әзір. Біздің стратегиялық мақсатымыз – үш жылдың ішінде Қазақстанды толық цифрланған елге айналдыру», - деді Президент. Бүгінде еліміздегі мемлекеттік қызметтің 90 пайызын онлайн алуға болады. Қазір IT саласын дамыту үшін өзге мемлекеттермен бірқатар бірлескен жоба іске асып жатыр. Айталық, жуырда Қазақстан компаниялары Иорданияның нарығына шыға бастады.

Жаслан Мәдиев, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі:

Құрылып жатқан ЖИ халықаралық орталығын қазан айында ашу жоспарланған. Біраз уақыт бұрын делегациямен Иорданияға барып қайттық. Ақпараттық технологиялар саласында әріптестік орнатуға дайындалып жатырмыз. Оларға біздің eGov платформамыз бен мемлекеттік қызмет көрсету тәжірибеміз ерекше қызық болып отыр.


Бөлісу