Басты Жаңалықтар Қазақстан мен Мажарстан арасындағы ынтымақ нығая түсті

Қазақстан мен Мажарстан арасындағы ынтымақ нығая түсті

Қазақстан мен Мажарстан арасындағы парламентарлық байланыс жандана түсті. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Мажарстан Мемлекеттік жиналысының төрағасы Ласло Kёвермен өзара ынтымақты нығайту жайын талқылады. Тараптар заң шығару процесінде тәжірибе алмасу қажеттігін де атап өтті. Сондай-ақ сауда-экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы, көлік-транзит, энергетика салаларында ортақ жобаларды қарастырды.  Кездесу соңында Мәжіліс төрағасы Мемлекет басшысының атынан Ласло Kёверге Қазақстан мен Мажарстан арасындағы ынтымақты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін «Достық» орденін табыс етті.

Ерлан Қошанов, Парламент Мәжілісінің төрағасы

2023 жылы Мажарстан Президенті Қазақстанда ресми сапармен болды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың да Мажарстанға сапары өте нәтижелі болды. Стратегиялық келісімдерге қол жеткізіліп, маңызды құжаттарға қол қойылды
 

Бөлісу