Ақтөбеде әскерге баруға ниетті жастар көп
Ақтөбе облысында 1100 жігіт әскерге аттанады. Оның 150-і Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне, 30-ға жуығы Төтенша жағдайлар министрлігіне, 10-ы Мемлекеттік күзет қызметіне жіберіледі. Өңірден былтыр мың сарбаз борышын өтеген еді. Биыл талап өзгерді. Сарбаздардың саны артты. Шілде айында «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңға өзгерістер енгені белгілі. Соған сай әскерге шақыру қазір SMS хабарлама арқылы жіберіледі. Бұл хабарламаны алған адам үш күн ішінде әскери коммиссариатқа келуге міндетті. Әскерден жалтарғандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Дегенмен Қорғаныс істері департаменті өкілдерінің айтуынша, өңірде әзірге мұндай мәселе жоқ. Отан алдындағы борышын өтеймін деген жастар өте көп.
Мейрамбек Сақып, облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары:
500-ге жуық баланы комиссиядан өткіздік. Бізде алдағы келетін 9-10 командаға дейін оларды тағайындап қойдық. Сондықтан 18 мың баладан 4 мыңы жарамды болса, оның ішінде сол бес жүзі ниет білдіріп келіп отырғандар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
