Парламент Мәжілісінде бірқатар заң жобасы қаралып жатыр
Ел Парламенті Мәжілісінде дәл қазір бірнеше заң жобасы қаралып жатыр. Сол жерде жүрген әріптесім Азамат Бейбітұлы тікелей байланысқа шыққалы тұр.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Бүгін жасанды интеллектіге қатысты заң жобасының екінші оқылымы қаралып жатыр. Онда жасанды интеллектіні пайдаланудың негізгі этикалық қағидаттары бекітілген. Олардың ішінде адам құқықтарының басымдығы, жұмыстың қауіпсіздігі мен ашықтығы бар. Жасанды интеллект құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде танылмайды. Адам барлық шешімге жауапты болып қала береді. Жасанды интеллектіні әзірлеу және енгізу үшін Ұлттық платформа құрылады. Бұдан бөлек, мәдениет және білім беру салаларына қатысты заң жобасының екінші оқылым болады. Онда әншілерге фонограмманы қолдану талаптарын қатаңдату, мектепке дейінгі ұйымдарды салу үшін резервтелген жер учаскелерін жеке меншікке беруге тыйым салу деген сияқты маңызды әрі қоғамның талқысындағы мәселелер бар. Мәжілісте талқыланған заң жобалары мен осы кулуарда көтерілген басқа да тақырыптар жайлы кешкі жаңалықтарымызда тарқатып айтамыз.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17