Басты Жаңалықтар Қазақстан ЖИ-ді басқару жөніндегі халықаралық бастамаға қатысуға дайын

Қазақстан ЖИ-ді басқару жөніндегі халықаралық бастамаға қатысуға дайын

Қазақстан жасанды интеллектіні басқару жөніндегі халықаралық бастамаға қатысуға дайын. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының жалпы дебатында айтты. «Қазақстанда жасанды интеллект экономика мен мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық секторына енгізіледі. Қазірдің өзінде оны жүзеге асырудың базалық инфрақұрылымы жасақталып жатыр. Дарынды жас мамандарымыз мұны іске асыруға әзір. Біздің стратегиялық мақсатымыз – үш жылдың ішінде Қазақстанды толық цифрланған елге айналдыру», - деді Президент. Бүгінде еліміздегі мемлекеттік қызметтің 90 пайызын онлайн алуға болады. Қазір IT саласын дамыту үшін өзге мемлекеттермен бірқатар бірлескен жоба іске асып жатыр. Айталық, жуырда Қазақстан компаниялары Иорданияның нарығына шыға бастады.

Жаслан Мәдиев, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі:

Бірнеше ай бұрын Иорданияға барып келдім. Ақпараттық технологиялар жағынан әріптестік құруға дайындалып жатырмыз. Оларға біздің еGov платформамыз, мемлекеттік қызметтерді көрсету жолдары өте қызық болып жатыр. Оларда дрон саласы өте дамып келе жатыр. Дизайннан бастап дрондарды құрастыру жолдарына дейін.
 

Бөлісу