Басты Жаңалықтар Қазақстанда 2029 жылға дейін 5 мың шақырым жаңа теміржол салынады

Қазақстанда 2029 жылға дейін 5 мың шақырым жаңа теміржол салынады

Қазақстанда алдағы төрт жылда 5 мың шақырым жаңа теміржол салынады. Бұл туралы Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы 80-ші сессиясының Жалпы дебатында айтты. Қазақстанда қолға алынған саяси экономикалық реформалар туралы мәлімет берген Президент ашық нарық қағидаттары мемлекеттік саясатымыздың негізгі бағыты болып қала береді деді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, әлемді жайлаған сыңаржақ саяси салдарынан былтыр әлемдегі тікелей шетел инвестициясының көлемі 1,5 триллион долларға дейін қысқарған. Алайда, Қазақстан инвестициялық тартымдылығын тұрақты күшейту арқылы соңғы 30 жыл ішінде ел экономикасына 400 миллиард доллардан астам қаржы тартқан. Оның бір бөлігі елдің транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталып жатыр. Нәтижесінде қазіргі кезде Азия мен Еуропа арасындағы құрлық арқылы тасымалданатын жүктің 80 пайызы өтетін логистикалық хабқа айналды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті:

Біз көлік-транзит инфрақұрылымына, соның ішінде «Бір белдеу, бір жол» бастамасына, Солтүстік – Оңтүстік көлік дәлізіне және Транскаспий көлік бағытына ондаған миллиард доллар инвестиция саламыз. Қазақстан қалыптасып келе жатқан жаһандық көлік жүйесінің өзегі саналатын аймақтық жеткізу тізбегін дамытуды жалғастырады. 2029 жылға дейін 5 мың шақырым жаңа теміржол салуды жоспарлап отырмыз.

Бөлісу