Басты Жаңалықтар Цифрлық валютаның жаңа түрі енгізіледі

Цифрлық валютаның жаңа түрі енгізіледі

Елімізде цифрлық валютаның жаңа түрі енгізілді. Бүгін Ұлттық банк «Стейблкойн» деп аталатын виртуалды ақшаны қолданысқа шығарды. Алдағы уақытта жаңа валютамен онлайн дүкендерде төлем жасауға болады. Сауда үйлерінде де барлық тауарлар теңгемен ғана емес, стейблкойнмен саудалануы мүмкін. Әзірге цифрлық ақшаны кей компаниялар ғана өзара пайдалана алады. Бірақ пилоттық режим жыл соңына дейін аяқталып, ол республика көлемінде енгізіледі. «Жаңа валютаның бағамы теңгеге тәуелді. Сондықтан криптавалюта кенеттен құлдырап кетеді деп қауіптенсеңіз, стейблкойнге айырбастаған тиімді, дейді» экономистер.

Ерлан Ашықбеков, ҚР Ұлттық Банкінің департамент директоры:

«Стейблкойн» – теңгемен қамтамасыз етілген алғашқы криптовалюта түрі. Бұл – цифрлық актив, яғни криптоактив. Криптобиржада өзіңіздің стабилкойныңыз болады. Сол арқылы теңгеге ауыстырып, төлемдер жасай аласыз. Пост-терминалдар мен QR-код арқылы да стабилкойнды пайдалануға мүмкіндік бар.

Бөлісу