Орталық Азия елдері дизайнерлерінің көрмесі Брюссельде ашылды
Брюссельде Орталық Азия елдері дизайнерлерінің көрмесі ашылды. Шараны «Мәдениеттер керуені» деп аталатын Орталық Азиялық креативті орталық ұйымдастырған. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан мен Түрікменстаннан келген он бес дизайнер көпшілікке киізден, жүннен тігілген киімдері мен әшекей бұйымдарын ұсынды.
Көрмеге Қазақстан атынан жерлесіміз Камила Флорентини қатысуда. Париждегі жоғары сән мектебін бітірген отандасымыз 10 жылдан бері Еуропада қазақтың зергерлік бұйымдарын насихаттап жүр. Қолөнер шеберінің ұлттық ою-өрнектермен безендіріп, заманауи стильде күмістен жасаған сырға, сақина, алқалары еуропалықтардың қызығушылығын арттырды.
Камила Флорентини, зергерлік бұйымдардың дизайнері:
Орталық Азиялық форумда Қазақстанды таныстырып жатқаныма қуаныштымын. Әшекей бұйымдарым арқылы еуропалықтар Қазақстан, қазақтың тарихы, біздің ата тегіміз жайлы мол мағлұмат алатыны сөзсіз. Шетелдіктер қатты қызығып, үйлену тойларына, сыйлық ретінде көптеп сатып алып жатады. Сондықтан біз жауһарларымызды кеңінен насихаттауымыз керек.
Елена Харитонова, «Мәдениеттер керуені» Орталық Азиялық креативті орталығының тең директоры:
Дизайнерлер, суретшілер, шығармашылық иелері – Орталық Азияның Еуропадағы мәдени елшілері. Біздің бағдарламамыз өте ауқымды. ЕуроОдақтың Сыртқы істер қызметінің өкілдерімен, Еуропарламент мүшелерімен кездесіп, сән мен тұрақты дизайн, жалпы қолөнер шеберлерін толғантқан мәселелерді талқылаймыз
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16
Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
22.07.2026, 20:10