Шымкенттегі жәрмеңкеде табиғи өнімдер қолжетімді бағада сатылды
Шымкентте әр жексенбі сайын Қаратау ауданында жәрмеңке ұйымдастырылады. Жұртшылық жиі келетін сауда алаңында азық-түліктен бастап, тұрмысқа қажетті тауарлардың түр-түрі ұсынылған. Әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдері тікелей диқандардан жеткізілетіндіктен, сапасы табиғи, бағасы қолжетімді. Сөрелерде көкөніс пен жеміс-жидек, ет пен сүт өнімдері, сондай-ақ күнделікті қажет тауарлар да бар. Таңертеңнен бастап халықтың қарасы қалың, ал сатушылар өз өнімдерін кең таңдау мүмкіндігімен ұсынып жатыр. Жәрмеңке тұрғындар үшін қаладағы қолжетімді әрі сенімді сауда орындарының біріне айналып, шаһар өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.
Гүлмира Құлмахашова, қала тұрғыны:
Бағасы да тиімді. Жақын арадағы магазинге қарағанда мына жерден таңдап, өзіміздің қалағанымызды және тиімді бағада аламыз. Өте жақсы.
Ерғали Наурызбаев, қала тұрғыны:
Керек-жарақтың бәрін аласың. Бұл жәрмеңкенің тиімді жері диқандардың өздері әкеледі. Диқандар өз бағасын қойғандықтан, тиімді деп ойлаймын.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29