Зейнетақы қорынан ақша алғандарға салық салынбайды
Енді зейнетақы қорынан қаржы алғандарға салық салынбайды. Бұл өзгеріс жаңа кодекc қабылданғаннан кейін, яғни келесі жылы қаңтарда күшіне енеді. Жеңілдікке кімдер ілігеді? Қордан ешқандай алымсыз қанша ақша алуға болады?
Жанел Нұрболатқызы, тілші:
Қазір зейнетақы қорынан ақша алсаңыз, 10 пайыз табыс салығын төлейсіз. Мысалы, баспанаға не емге 5 миллион теңге сұратсаңыз, қолыңызға 4 жарым миллион түседі. 2026 жылдан бастап бұл талап жойылады. Бұдан былай зейнетақы қорынан қанша ақша алсаңыз да салық салынбайды. Ол үшін құжат жинаудың қажеті жоқ. Қазақстан азаматы болсаңыз, төлемнен автоматты түрде босатыласыз. Қордан өзіне қажет ақшаны алып, салықты кейін өтеймін деп жүргендерге де жақсы жаңалық – енді сізден ол сома сұралмайды. Мұның бәрі жаңа Салық кодексінде көрсетілген. Құжатта зейнетақы қорына қатысты өзге де реформалар бар. Мәселен, енді қордағы қаржыны көбейтуге болады. Ол үшін жеке компаниялармен келісімшартқа отырасыз. Өз кезегінде олар сіздің ақшаңызды акция, облигация секілді бағалы қағаздарға салып, еселеп береді. Сенімді, алдап кетпейтіні анық деген компаниялардың тізімі enpf.kz сайтына жарияланады, тек соларға жүгінген абзал. Ал ақшаңызды инвестицияға салып, тәуекелге барғыңыз келмесе, ол сол күйі қорда қала береді. Таңдау өзіңізде. Бұдан бөлек, қазір зейнетақы қорындағы ақшаны тек баспана мен емге жұмсауға болатынын білеміз. Ал тіс емдеуге уақытша тыйым салынды. Бірақ келесі жылы сәуірден бастап жинақты бұрынғыдай стамологиялық қызмет үшін пайдалануға болады.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08
Қауіпсіздігі жоғары композиттік газ баллондары өндіріледі
02.05.2026, 20:07
Балық аулауға уақытша тыйым салынды
02.05.2026, 20:05
Нөсер жауыннан өзендер тасып, екі көпірді шайып кетті
02.05.2026, 20:05
Халықаралық келіссөз: Польшада ұсталған қазақстандық бостандыққа шықты
02.05.2026, 20:02
Қазақ тазысы 2035 жылы әлемдік деңгейде мойындалуы мүмкін
02.05.2026, 20:01
Павлодарда «Бірге еккен бір ағаш» экологиялық акциясы өтті
02.05.2026, 18:49
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
01.05.2026, 20:41