Басты Жаңалықтар Маңғыстауда күйші Мұрат Өскінбайұлы атындағы халықаралық ұлт аспаптар байқауы басталды

Маңғыстауда күйші Мұрат Өскінбайұлы атындағы халықаралық ұлт аспаптар байқауы басталды

Сайысқа еліміздің өңірлерінен және Әзірбайжан, Өзбекстан мен Қырғыз Республикасынан - барлығы 47 өнерпаз қатысуда.

Кәсіби домбырашылар мен күйші, жыршылар «Домбыра», «Домбыра-альт», «Шертер», «Қобыз» және «Ғиджақ» аталымдары бойынша бақ сынайды. Шараның алғашқы күнінде Маңғыстаудың күйлерін өнерпаздар өзге ұлттардың аспаптарында ойнады. Жеңімпаздарға 300 мың теңгеден сыйақы тағайындалған.

Фарух Садықов, Өзбекстан Республикасының халық әртісі:

- Байқаудың бағдарламасы шебер құрастырылыпты. Мұрат Өскінбаевтың, қазақ музыкасы мен шетелдік өнер туындыларынан күрделі шығармалар орындалады. Сондай-ақ, әлемнің ең үздік музыканттары мен өнер тарландары шақырылыпты. Осыған көңілім толды.

Сардар Фараджев, Әзірбайжан Республикасының еңбек сіңірген әртісі:

- Біз ең дарынды, талапты орындаушыны таңдап аламыз. Жүрегі музыка деп соққан жастар осылай жиналып, жарысып жатса, бұл ғанибет емес пе? Жалғасын тапсын демекпін!

 

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу