Бельгияда «Автокөліксіз бір күн» шарасы өтті
Бүгін бүкіләлемдік «Автокөліксіз бір күн» аясында бельгиялықтар дәстүрлі мерекені атап өтті. Бұл күні тұрғындар көліктерін автотұраққа қойып, қала көшелерінде велосипедпен емін-еркін серуендейді. Жылына бір рет берілетін осындай мүмкіндікті пайдаланып, кейбірі атқа да мінді.
Ережеге сәйкес, бұл күні шаһарда автобус, трамвай мен санаулы таксиден басқа көлік қозғалысына рұқсат жоқ. Тәртіп бұзғандарға қомақты айыппұл салынады. Мақсат – халықтың қалтасын қағу емес, тұрғындарды табиғатты аялауға және экологиялық таза көліктерге көшуге шақыру.
Стефанос Русидос, Брюссель тұрғыны:
Керемет күн болды. Ағам, анам, әкем бәріміз бірге велосипед тептік. Көлік жоқ, ауа тап-таза.
Марк Гретсельс, Брюссель тұрғыны:
Брюссель сияқты ірі қалаларда ғана емес, барлық елдерде осындай автокөліксіз күндерді жиі ұйымдастыру керек. Ең болмаса жылына төрт рет өткізсе, жақсы болар еді.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17