Сот жүйесіндегі реформалар демократиялық институттардың дамуына жол ашты
«Сот жүйесіндегі реформалар демократиялық институттардың дамуына жол ашты». Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысында айтылды. Жоғары соттың мәліметінше, осыдан төрт жыл бұрын мемлекеттік органдармен соттасқан азаматтардың 15 пайызы ғана жеңіске жететін. Ал бүгінде 60 пайыздан астамы оң шешім алады. Жуырда құрылған Кассациялық соттар да заң үстемдігін нығайта түседі.
Асламбек Мерғалиев, ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы:
Әрмен қарай дамыту жөнінде құқықтық қауымдастық және судьялардың, мемлекеттік органдардың ұсыныстарын қарастырып жатырмыз. Негізгілерінің бірі - нормативтік актілерді жалпы соттардан әкімшілік соттарға беру жөнінде. Бұл негізі қоғамның дамуына байланысты азаматтардың, кәсіпкерлердің, құқықтарын сапалы қорғау бағытында жасалып жатыр.
Тастемір Әбішев, ҚР Президенті Жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары:
Жылдан жылға азаматтардың құқықтық білім алуы, құқықтық мәдениеті өсіп келе жатыр. Ол тек өз құқығын білу ғана емес, оны іске асыру механизмін қоса алғанда. Көбіне Президентке жаза бермей, аудандық, қалалық соттарға, облыстық соттарға келіп жатыр.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17