Шахматтан Әлем чемпионаты басталды
Алматыда кадеттер арасындағы шахматтан әлем чемпионаты басталды. Жарысқа 88 елден 850-ден аса жас спортшы келді. Соның ішінде Үндістан, Қытай және АҚШ-тан келген қатысушы көп. Ал додада ел намысын 200-ден астам шахматшы қорғайды. Жарыс ай соңына дейін жалғасады. Жеңімпаздар жас ерекшелігіне қарай алты санат бойынша анықталады. Биыл ел құрамасында Италияда өткен чемпионаттың жүлдегерлері Аланна Берікқызы, Марк Смирнов пен Ханзада Аманжол бар.
Аркадий Дворкович, Халықаралық шахмат федерациясының президенті:
Қазақстан құрамасының нәтижелі өнер көрсетуге әлеуеті зор. Бұл – шахматтың қарқынды дамып келе жатқанының дәлелі. Жарыста топ жарғандар халықаралық деңгейде мойындалып, болашақта ересектер арасындағы чемпион атануы ықтимал.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12