Қарағандылық жастар киберспорттан әлемдік аренада бақ сынайды
Қарағандылық жастар киберспорттан әлемдік аренада бақ сынайды. Спортшылар ел біріншілігін жеңіп, Абу-Дабиде өтетін турнирге жолдама алды. Бұл сайыстың ерекшелігі, жігіттер тек виртуалды ғана емес шынайы футболдан да бақ сынасады. Қос ойыннан үздік шыққандары жеңімпаз атанады. Команда құрамында 30-ға жуық киберспортшы бар. Олар алдағы желтоқсан айында өтетін сайысқа дайындықты бастап кетті. Келер жылы елордада өтетін әлемдік «Болашақ ойындары» сайысына да қатыспақ. Әлемде Киберспорт қарқынды дамып келеді. Жақында Олимпиада өтпек. Ал елімізде спорттың жаңа түрі енді ғана белең алып келеді дейді мамандар.
Айдын Есенбаев, «UEL» командасының жетекшісі:
Абу-Дабиде 12 команда қатысады. Олардың бәрі мықты, дайындалып келген. Фавориттер Уругвай командасы, Ресейден келетін Локомотив командасы. Ол жақта да ылғи профессионалдар.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алан туралы аңыз» анимациялық фильмі шықты
23.10.2026, 13:15
Отандық тамақ өнеркәсібінде оң серпін бар
23.10.2026, 13:12
Мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындары ашылады
23.10.2026, 13:10
Жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыты
23.10.2026, 13:08
Бельгиядағы қазақстандық студенттер тың бастама ұсынды
23.10.2026, 13:05
Қыста елорда тазалығына 1500 адам жұмылдырылады
23.10.2026, 13:02
Елде 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді
23.10.2026, 13:00
Елордада «Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25