Қарағанды облысында тағы бір жаңа мектеп ашылды
Қарағанды облысында тағы бір заманауи мектеп ашылды. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жоспарланған 10 мектептің тең жартысы пайдалануға берілді. Соның бірі - Балқаш қаласында.
900 оқушыға шақталған жаңа мектептің арқасында Балқашта орын тапшылығы шешілді. Мұнда қазір 830 бала оқиды. Мектепте акт залы, 2 денешынықтыру залы, кітапханасы, пәндік сабақтар бойынша STEM зертханалары, робототехника кабинеті бар.
Жеңіс Кәрібек, 11-сынып оқушысы:
Робототехника, жаңа технологиялар қазір осы мектепте қолданылуда. Бұл бізге ыңғайлы, әрі жеңіл. Себебі бұл технологиялар болашағымыздың кепілі. Жасанды интеллект арқылы көптеген жетістіктерге жете аламыз. Ұстаздар да осыны үйретуде.
Қарлығаш Дүбірбекова, Балқаш қаласы білім бөлімінің басшысы:
Бүгінгі заманауи технология шапшаң қарқынмен дамып бара жатыр. Сондықтан жасанды интеллект, сандық технология бойынша педагогтар керек. Қазір біздің жаңа мектептің жабдықтарының өзі өзге мектептерден ерекше фишкалары бар.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алан туралы аңыз» анимациялық фильмі шықты
23.10.2026, 13:15
Отандық тамақ өнеркәсібінде оң серпін бар
23.10.2026, 13:12
Мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындары ашылады
23.10.2026, 13:10
Жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыты
23.10.2026, 13:08
Бельгиядағы қазақстандық студенттер тың бастама ұсынды
23.10.2026, 13:05
Қыста елорда тазалығына 1500 адам жұмылдырылады
23.10.2026, 13:02
Елде 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді
23.10.2026, 13:00
Елордада «Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25