Басты Жаңалықтар Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Спортингтен» жеңілді

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Спортингтен» жеңілді

«Қайрат» Лиссабонда өткен Чемпиондар лигасында Португалияның «Спортинг» құрамасынан 1:4 есебімен жеңілді. 21-минутта 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмұрза Мортен Юльманның пенальтиін қайтарды. Осылайша отандасымыз «Манчестер Юнайтед» спортшысы Миле Свилардан кейін Чемпиондар лигасында қақпаны қорғап қалған ең жас футболшы атанды. Алайда жанкүйерлердің қуанышы ұзаққа созылмады. 44-минутта португалиялық футболшы Тринкан есеп ашты. Бұдан соң «Спортингтің» бразиялық ойыншысы Алиссон Сантос пен португалиялық Джовани Кенда 2 минут ішінде 2 голды қатарынан салды. Ойынның соңына қарай «Қайраттың» бразилиялық футболшысы Эдминсон Сантос гол соғып, командаға бір ұпай әкелді. Айта кетсек, енді «Қайрат» 30 қыркүйекте Испанияның «Реал Мадрид» клубына қарсы ойнайды.

 

Бөлісу