Жолдау өңдеу өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін керек

Президент жолдауда Өңдеу өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін беру қажеттігін айтты. Расында елімізде соңғы жылдары бұл сала қарқынды түрде дамып келеді. Былтырдың өзінде 163 жаңа өндіріс іске қосылған. Ал, Қарағандыда өткен ғасырдан бері жұмыс істеп келе жатқан құю-машина жасау зауыты қайта жаңғыртылып, өндірістік қуаттылығы артқан.
Енді бір орында тұрған жоқ дамып жатыр. Бұдан да мықты саноктар шығады. Біздің станоктар адамның жұмысын азайтқан. Бағдарламамен басқарылады. Орнатасын, бағдарламаны жібересін станок ары қарай өзі жұмысын жасай береді. Есігін жауып, қадағалаймыз
2016 жылдан бастап үлкен модернизация жүргізілді. Барлық сандық бағдарламалық станоктар орнатылды. 2018 жылы бітірдік. 2 жыл бұрын IP саласынан сертификат алдық. Ол Америкалық институт. Енді сол арқылы мұнай саласына қажетті құрал саймандар шығарып жатырмыз
Осы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша өңдеу саласының өнімдері бойынша мыс, прокат, ферроқоспалар және басқа да тауарлар экспорты 985 млн АҚШ долларын құрады. Ағымдағы жылы экспортталатын өнімдердің номенклатурасы 16 жаңа инвестициялық жобаны жүзеге асыру есебінен кеңейтіледі.
Елімізде өткен жылы 163 жаңа өндіріс іске қосылған.
Соның арқасында 12 000 аса тұрақты жұмыс орны ашылды. Мемлекет басшысының
тапсырмасымен бұл сала әлі де жандана түспек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
