Президент бірқатар кездесу өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі алаңында иудаизм ұйымының өкілдерімен кездесті.
Президент ашкеназ және сефард раввинаттарының көшбасшылары дінаралық диалогқа
белсенді атсалыса беретіндеріне сенім білдірді.
Одан соң Мемлекет басшысы Иерусалим Патриархы III Феофилмен жүздесті. Православ
діні Қазақстанның рухани өмірінде маңызды орын алатынын атап өтіп, оның
қоғамдық миссиясының құндылығына назар аударды.
Сондай-ақ Президент Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының Өркениеттер альянсы
жөніндегі жоғары өкілі Мигель Анхель Моратиносты қабылдап, съезд қорытындысы
дінаралық диалогты нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Ал Қытай делегациясымен кездесуде бейбітшілік пен үйлесім идеясын ілгерілетуде
будда және дао ілімдерінің орны ерекше екенін айтты.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53