Астанада қазақ мәдениетінің жауһарлары көпшілікке ұсынылды
Елордадағы Ұлттық музейдің
этнография залында жаңа экспозициялар көпшілікке таныстырылды. Қазақ халқының
рухани болмысы мен ұлттық бірегейлігін айқындайтын мәдени ортада жылдар бойы
жинақталған құнды жәдігерлер қойылған. Олардың қатарында XIX ғасырдағы Батыс
Қазақстаннан шыққан сәукеле, зергерлік әшекейлер, ұлттық киімдер мен киізден
жасалған үй бұйымдары бар. Кілемнің 47-і түрі қойылған залда ерекше. Барлығы
258 жәдігер ұсынылған.
Айта кетейік, әшекей бұйымдардың пішіні мен ою-өрнегі ғана емес, материалы да
айрықша мән-мағынаға ие. Мәселен, көмкеруші тастарды таңдағанда олардың табиғи
әсемдігімен қатар емдік қасиеттеріне де баса назар аударылған. Шара ұлттық
мұраны сақтап, мәдениетті дәріптеуге бағытталған маңызды қадам дейді
ұйымдастырушылар.
Берік Әбдіғалиұлы, ҚР Ұлттық музейінің директоры:
Кілемдерімізге арнайы осындай зал ашып отырмыз. Өңірлерден текемет, сырмақ киіздердің әр оюлары ерекшеленіп, көрсетілетін өнерімізді көрсеткіміз келіп жатыр. Шетелден келген қонақтарымыз бен өзіміздің азаматтар этнографиялық заттарға көп қызығушылық білдіреді. Біз соны байқап, әдейі кеңейтіп отырмыз. Мұның бәрі де қазақтың мәдениетін ашып көрсетеді деген үміттеміз.
Автор
Ақмаржан Ғафизқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық бірегейлік – ұрпақ тәрбиесінің негізі
26.10.2026, 20:55
«Абай Quiz» ойынында 100 команда сайысқа түсті
26.10.2026, 20:18
Тараз вокзалы пайдалануға берілді
26.10.2026, 20:18
Талдықорғанда жаңа денсаулық сақтау нысаны ашылды
26.10.2026, 20:12
Алматыда ортез дайындайтын алғашқы зертхана ашылды
26.10.2026, 20:04
Ақмола облысындағы бөбекжайда 7 шеберхана ашылды
26.10.2026, 20:00
Ниагара сарқырамасы көк тудың түсіне боялды
26.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнімен құттықтаған шет мемлекет басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілеріне алғысын білдірді
26.10.2026, 20:00