Биыл 7 млн тонна астық жиналады
Ақмола өңірінде егін орағы басталды. Болжамға сәйкес биыл 7 млн тонна бидай жиналады. Бұл былтырғымен салыстырғанда жарты млн тоннаға көп. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аграрлы аймаққа барып, диқаншылармен кездесті.
Раушан Сайлауқызы, тілші:
Диқандар қарбалас. Күзгі жиын-терін науқаны басталған. Президент дәл осы алқапта шаруалармен жүздесті. Диқандардың айтуынша, егін биыл бітік шыққан. Ал егістік көлемі былтырмен салыстырғанда 300 мың гектарға ұлғайып, 5,5 млн гектарға дән себілді. Соның нәтижесінде 7 млн тонна астық өнімі алынады деген жоспар бар. Бұл былтырғыдан көп. Президент жоғары өнімді майлы дақылдар алқабын кеңейту жөнінде тапсырма берген еді. Биыл оның көлемі 2,5 есе артып, 495 мың га аумаққа егілді. Сондай-ақ Президент Ақмоладан өзге астықты аймақ басшыларының қатысуымен егін жинау науқанына арналған кеңес өткізді. Өңірдегі әлеуметтік нысандарды да аралады. Бұл жөнінде толығырақ кешкі жаңалықта айтамын.
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тұрғындар ауылдың айналасын жасыл желекпен көмкерді
21.04.2026, 20:55
Қазақ елі Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
21.04.2026, 20:53
Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен кездесті
21.04.2026, 20:39
Күніне орта есеппен 113 адамды ит қабады
21.04.2026, 20:19
Субсидияға қолы жетпеген 600 омарташының 200-і кәсібін тастап кеткен
21.04.2026, 20:10
Экологиялық саммит ғылым мен бизнесті біріктіреді
21.04.2026, 20:05
Исламабадта АҚШ - Иран келіссөздеріне дайындық жүріп жатыр
21.04.2026, 20:05
Келесі жылы ҰБТ-ға балама енгізіледі
21.04.2026, 20:05